Зертханалық жұмыс. Тақырыбы: Фарш даярлау және шұжық өнімдерді қалыптауға арналған агрегаттың құрылымын

Тақырыбы: Фарш даярлау және шұжық өнімдерді қалыптауға арналған агрегаттың құрылымын оқып үйрену.

1. Жұмыстың мақсаты.

Фарш даярлау және шұжық өнімдерді қалыптауға арналған агрегаттың құрылымын, жұмыс істеу принципын, тиімді пайдалану ережелері мен технологиялық есептеу әдісін оқып үйрену.

Фаршты өңдеуге арналған комбинирленген машиналар түрлері мен құрылымы.

Қазіргі кездегі комбинирленген машиналарда жоғары өнімділігі бар, процестер мен жұмысшы органдардың айналу жылдамдығының кең көлемде өзгертуге болатын тетіктерімен жабдықталған. Бұл машиналарға миксерлер-еттартқыштар, куттер-араластырғыштар, пісіру куттерлер, стик-миксерлер және т.б. жатады.

Комбинирленген миксерлер-еттартқыштар қысқа мерзімде аз шығынды және тиімді ұсақтау мен араластыруға кепілдік береді.

Мысалы, «Seydelmann» фирмасында құрастырылған миксерлер-еттартқыштар әмбебап машиналар қатарына жатады (сүрет 11.1). Олар ұсақтау мен араластыру тетіктерімен жабдықталған. PU 200 миксер-еттартқыш еттартқыш және де араластырғыш ретінде қолданылу мүмкін. PG 160 миксер-еттартқыштың тор диаметрі 160 мм және астаудың сыйымдылығы 1500 л, ал PU 200 машинанын тор диаметрі 200 мм және астаудың сыйымдылығы 1500 л болады. Бір машинада қосылған ұсақтау мен араластыру процестері қысқа мерзімде орындалады. Миксер-еттартқыштың құрылымы пісіру арқылы жоғары сапалы тоттанбайтын болаттан жасалған. Ұсақтау мен араластыру процестері бағдарламалау және де шикізатты жақсы араластыру машинанын ыңғайлы орналасуы мен басқарудын тиімді режимімен қамтамасыз етіледі. Сонын нәтижесінде араласпаған өнім машинанын ешқандай жерінде қалмайды.

Қазіргі әмбебап куттерлердің жаңа түрлері жоғары өнімділікті болып табылады. Оларда еттартқышта ұсақталған шикізатты ғана емес және де мұздатылған ірі кесекті шикізатты өңдеуге болады. Бұл машиналарда шикізатты басқа компоненттермен алдын-ала және ақырғы ұсақтау мен араластыруға болады. Олар пісірілген және қақталған шұжықтар мен басқа тамақ өнімдерді өндіруде фаршты даярлау үшін қолданылады.



1 - тұғыр, 2 – тиеу мойыншасы, 3 – куттер-араластырғыш, 4 – шнекті шприц, 5 – шибер, 6 – пышақты біліктің жетегі; 7 – араластыру шнектердің жетегі, 8 –шприц шнегінің жетегі, 9 – басқару пульті.

11.2 сүрет. Фарш даярлау және шұжық өнімдерді қалыптауға арналған агрегат.

7. Агрегатта жұмыс істеу тәртібі.

1. Реттегіш қалқан ішінде өшіргішті қосу.

2. Куттер-араластырғыштағы «ПУСК» деген кнопкасын басу.

3. Тиеу моыншасына шикізатты салу. 30Ч30 мм өлшемі бар ет кесектерді немесе 3-5 мм көздерімен торы бар ет тартқышта алдын-ала ұсақталған ет, өсімдік және басқа (балық және т.б.) шикізат.

4. Рецептура бойынша су мен специялар қосылған шикізатты ұсақтау және араластыру.

5. Қабықшаны шприцтын цевкасына кигізу.

6. Шприцтағы «ПУСК» деген кнопкасын басу.

7. Дайын фаршты шприц шанағына беру және қабықшаны толтыру.

8. Жұмыс аяқтағаннан кейін «СТОП» деген кнопкасын басу.

9. Реттегіш қалқан ішінде өшіргішті ажырату.

10. Агрегатты санитарлық өңдеу.


2329318131686217.html
2329386965267001.html
    PR.RU™